Зат есім

Страницы: <<  <  43 | 44 | 45 | 46 | 47  >  >>

н құрастыруға тапсырма беріледі. Құрастырған мәтіндеріне ат қойғызуға да болады.
в)Оқулықтағы 2-жаттығу жазбаша, ал 3-жаттығу ауызша орындатылады.
IV. Сабақты қорытындылау
Тақтаға төмендегі үлгідегідей сұрақтар жазылған плакат ілінеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін құрастырылады.
Терек, шырша, қайың нелер?
Олар нені тазартады?
Сондықтан нелерді кесуге болмайды?
Сабақ соңында оқушылардың жауаптары жинақталып, мәтін жайында білімдері пысықталады:
1. Мәтін дегеніміз - ойды ауызша және жазбаша жеткізу.
2. Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады.
3. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.



























Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың мәтін туралы алған білімдері бекітіледі; тақырып мәтінде не айтылатынын көрсететінін ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялау.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
Үнтаспадан Е. Өтетілеуұлының "Футболшылар" өлеңі тыңдатылады.
-Өлең не туралы?
-Футбол ойыны туралы.
-Осы өлеңді қалай атауға болады?
-Футболшылар.
-Неге?
-Өйткені өлеңде футбол ойыншылары туралы айтылады. Сондықтан өлең "Футболшылар" деп аталуы тиіс.
2. Негізгі бөлім.
1. Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, 1-жаттығудағы өлеңнің аты қалай аталады?
-"Боксшы".
-Өлеңде кім туралы айтылады?
-Боксшы.
-Олай болса, өлең шынымен боксшы туралы екеніне көзімізді жеткізу үшін, бәріміз бір рет іштей оқып шығайық.
Оқушыларға 1-жаттығудағы Ш. Әлдибекұлының "Боксшы

Страницы: <<  <  43 | 44 | 45 | 46 | 47  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: