нің жазбаша немесе ауызша ойды жеткізетіндігін түсіндіре отырып, оның бірнеше сөйлемнен, ол сөйлемдердің мағына жағынан бір-бірімен байланысып тұратындығын білдіру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялау.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
1. Кіріспе бөлім.
Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді.
Бүгін сыныпта Нұржан кезекші. Асқар атасымен бірге қой бақты. Жанар бос уақытында кітап оқиды.
Мәди, Әли, Әсем, Гүлсім.
Бүгін мектепте жүгіруден жарыс болады. Жарысқа Айдын, Ілияс және Сырым қатысады. Жарысқа Әсел көрермен болып барады.
Үш бағанда берілгендерді бірнеше оқушы дауыстап оқиды.
Бірінші бағанда не берілген?
Бірінші бағанда үш сөйлем жазылған.
-Әр сөйлемде қандай ой айтылған? Олар бір-бірімен байланысты ма?
-Бірінші сөйлемде Нұржанның кезекші екені айтылған. Екінші сөйлемде Асқардың атасымен қой баққандығы, ал үшінші сөйлемде Жанардың бос уақытында кітап оқитындығы жазылған. Үш сөйлем бір-бірімен байланыспайды.
-Екінші бағанда ше?
-Екінші бағанда сөздер берілген.
-Үшінші бағанда ше?
-Үшінші бағанда сөйлемдер жазылған. Бірінші сөйлемде мектепте жарыс ететіндігі, екінші сөйлемде жарысқа кімдер қатысатындығы, үшінші сөйлемде жарысқа Әселдің көрермен болып баратындығы хабарланып тұр. Бұл сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр.
2. Негізгі бөлім.
а) 1-жаттығу орындатылады. Сөйтіп, кестемен жұмыс және 1-жаттығудың тапсырмасын орындау арқылы оқушылар мәтіннің ауызша және жазбаша ойды жеткізетіндігін, мәтіннің бірнеше сөйлемнен құралатындығын және олардың бір-бірімен байланысып тұратындығын түсінеді.
ә) Оқулықтағы ережені оқу арқылы өздерінің жауаптарының дұрыстығына көздерін жеткізеді.
б)Оқушыларға ауызша мәті
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>