жіберді. Доп қақпаға кіріп кетті.
Оқулықта берілген жаттығулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
2-тоқсан Тақырыбы: Мәтін түрлері. (37сабақ)
Сабақтың мақсаты: мәтін және мәтіннің түрлері туралы алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың барысы:
1. Тақтаға төмендегідей плакат ілінеді.
Балықтың неше түрі бар. Балалар көл жағасында ойнап жүр. Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады.
Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тәтті! Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артылғанын қайнатады.
С. Мұқанов
Өркеннің сүп-сүйкімді қо- зысы бар. Оның көзі көмірдей қап-қара. Жүні аппақ, бұйра. Бойы кішкентай.
1. Жаздың келуі.
2. Оқушылардың демалысы.
3. Лагерьде.
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін ӘҢГІМЕЛЕУ мәтіні деп аталады.
Оқушылардың назары 1-бөліктегі сөйлемдерге аударылады. Оларды оқиды. Бұлардың мәтін емес екендігі айтылады. Осылайша 2-3-бөліктегі мәтіндер оқытылып, оларды салыстырады. Екі мәтіннің қайсысы сипаттау, қайсысы әңгімелеу мәтіні екені анықталады.
-Енді 4-бөліктегі берілгенді оқыңдар. Мәтін деуге бола ма?
-Бұл - жоспар. Жоспар бойынша мәтін құрастыруға болады.
4-бөліктегі жоспар бойынша мәтін құрастырту. Құрастырылған мәтін мәтіннің қай түріне жататындығын айтады.
Оқулықтағы жаттығулар орындатылып, мәтін туралы алған білімдері пысықталады.
Сабақты қорытындылау.
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Абзац дегеніміз не?
3. Жоспар қалай құрылады?
4. Мәтіннің түрлерін айтыңдар.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтін
Страницы: << < 41 | 42 | 43 | 44 | 45 > >>