>Кірпі.
Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті. Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз.
-Мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы).
-Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан).
-Мәтін неше абзацтан тұр? (Үш абзацтан).
Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сейлемдерден тұратындығы айтылады.
1)Жаралы кірпі.
2)Балалардың қамқорлығы.
3)Қолға үйренген кірпі.
-Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық?
-Мәтінге жоспар құрдық.
-Жоспар не үшін керек?
Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі.
3. Оқулықпен жүмыс.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы, мәтін аяқталған ба?осы сөйлемдердің қайсысымен мәтінді аяқтауға болады? Мәтін мазмұнын әңгімелеп айт.
Нан асықтан алынады. Астықты өсірген адам - диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады.
2-жаттығу. Мәтінді оқы, мәтіннің құрылымын анықта. Мәтінді қалай атауға болады? Мәтіндегі негізгі бөлімді көшіріп жаз.
Азамат, Ернар, Талғат көрші балалармен футбол ойнауға шықты. Азамат пен Ернар бір топта. Кішкентай Талғат йынға қатыспады.
Балалар оынды қатты беріліп ойнады. Бір кезде Ернар байқамай, допты өз қақпасына қарай теуіп
Страницы: << < 40 | 41 | 42 | 43 | 44 > >>