болды. Жұмахан құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтың өлеңі. Бұл алма ағашын Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты.
Мәтін - дегеніміз жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.
2. Оқулықпен жүмыс.
1-жаттығу. Оқы. Қай санның тұсында жазылғандардан толық мәлімет алуға болады деп ойлайсың?
1. О
2. Отан
3. Отан оттан да ыстық.
4. Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол - оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады. Сен осы жердің қай бұрышында тусаың да, бүкіл жер - сенің Отаның, туған елің. Сен оны мақтанышпен: - Менің елім - Қазақстан Республикасы! - дейсің.
2-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған?
Данияр мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Бірақ қар таусылар емес.
Осы кезде оған көрші үйдегі досы Нариман келді. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі екі шанамен қарды тез тасып бітірді.
3-жаттығу. Оқып шығып, мәтінді тап және дәлелде. Мәтінді көшіріп жаз.
1. Бір күні мектепте спорт ойыны өтті. Астанада жаңа үйлер көбеюде. Су бетінде мұз қатты. Нұрлыбкек жарыста екінші орынды иеленді.
2. Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оны тақтасы өзгешелеу болады. Ертеде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін болған.
Тоғызқұмалақ - математикалық ойын.
3. Нан - дастарқанның берекесі.
Оқулықта берілген жаттығулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма беру.
Тақырыбы: Мәтін тақырыбы. (34сабақ)
Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды
Страницы: << < 38 | 39 | 40 | 41 | 42 > >>