үйрету.
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ.
Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.
Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады.
3. Оқулықпен жүмыс.
1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең мазмұнын әңгімелеп айт. Өлең неге "Боксшы" деп аталған? Олимпиада жүлдегері болған боксшылардан кімдерді білесің?
Боксшы.
Қашаннан-ақ шаршы алаң
Кіл мықтыны таңдайды.
Тамашалар барша адам -
Бокс десе, қалмайды.
Ұпай жиып алғасын,
Құлап қалмай оқыста,
Асырса кім айласын,
Жеңіп шығар бокста.
Келсең келші үміт қып,
Әркім жетпес өресі -
Сынға түсер жігіттің,
Бокс - спорт төресі.
Сергіту сәті.
2-жаттығу. Мәтінді оқы. Онда не туралы айтылған? Мәтінді қалай атар едің?
Мырзабек кішкене болса да, шебер-ақ. Ойнағысы келетін ойыншықтың бәрін өзі істеп ала қояды. Бірде ол шырпы қораптарынан әдемі ойыншық үй жасады. Құрдасы Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. "Не беріп айырбастап алсам екен?" - деп ойлады.
Келесі күні Мырзабекке әдемі ала добын ұсынып:
oo Мә, мен саған добымды берейін, сен маған ойыншық үйіңдң берші, - деді.
oo Үйге қызықсаң, - деді Мырзабек, - сен ала ғой. Мен өзіме тағы да жасап аламын. Добың да өзіңе болсын.
oo Рақмет! - деп жымиды Иманбек.
4-жаттығу.
"Достық", "Қыс көрінісі", "Менің мектебім" тақырыптарының біріне мәтін құрастырып жаз.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма беру.
Тақырыбы: Мәтін құрылымы. (35сабақ)
Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.
Сабақтың барысы:
1. Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.
Страницы: << < 39 | 40 | 41 | 42 | 43 > >>