, қ, п, с, т, ф, х, һ, м, в,
Үнді дауыссыз дыбыстар:б, г, н, л, ш, щ, ц, ч.
5. Оқулықтағы жаттығулар орындатылады. Жазба жұмыстары арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
::Дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жазады.
::Б дыбысына аяқталатын сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.
::П, қ-ға аяқталған сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жазады.
::5-жаттығуда берілген сөздердің алдына бір әріп қосып, басқа сөз құрайды. Мысалы, өрік, көрік, бөрік, есік, тесік, бесік, т. б.
::Сөз басында л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайтындығы еске түсіріліп, 6-жаттығу орындатылады.
Сабақты қорытындылау.
Төмендегі үлгідей тест тапсырмаларын алуға болады:
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.
а)к, қ, п, с, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
ә) б, в, г, ғ, д, ж, з.
б)л, м, н, ң, р, й, (у).
2. Қатесіз жазылған сөздер қатарын көрсет.
а)Танғы, түңгі, таншы.
ә) Таңғы, түнгі, тамшы.
б)таңғы, түңғі, таңшы.
3. Жауап сөзіне ы дыбысын қосып айтқанда шығатын сөзді белгіле.
а)жауабі
ә) жауапы
б)жауабы
4. Б дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?
а)Қатаң
ә) Үнді
б)Ұяң
Қатесіз жазылған сөзді көрсет.
а)ілеген
ә) ылеген
б) леген
Үйге тапсырма беру.
Мұғалім өзінің қалауы бойынша үйге тапсырма ретінде 4-ші немесе 6-жаттығуды беруіне болады.
Тақырыбы: Мәтін. (33сабақ)
Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.
Сабақтың барысы:
1. Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.
Жұмахан атасын алма ағашының көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен ағашты ұстады. Бұтаны сипап, әденені айтқандай
Страницы: << < 37 | 38 | 39 | 40 | 41 > >>