Зат есім

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

ІІ. Қайталау сабағы.
1-жаттығу. Берілген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Әркімнің қандай қимыл түрін атқарып жатқанын айтады. Ол сөздерге сұрақ қояды. Берілген торкөзге әріп саны сәйкес келетін сөзді табады. Мысалы: 1. Секірді. 2. Ішті. 3. Жүргізді. 4. Пісірді. 5. Тепті. 6. Ілді. 7. Киді.
2-жаттығу, 3-жаттығу. Мазмұны жолда жұру ережесімен байланыстырылған. Оқу жылының басынан жолда өздерін дұрыс ұстауларын балалардың құлағына құйып отырған дұрыс. Оқушылар мәтіннің мазмұнын талдай отырып, сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып отырады. Қимылдың иесі кім немесе не екенін анықтайды.
4-жаттығу, 5-жаттығу. Оқушылардың өздеріне орындауға тапсыруға болады. Мұғалім қай жаттығуды үйде орндауға беретінін өзі шешеді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорыту кезінде балалар өздері мысалдар келтіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін жүйелейді.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.



Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздерді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: заттың сынын, түрін, түсін білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білісдерін еске түсіру
Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу
Тәрбиелік мақсаты: бейнелі сөйлеуге үйрету
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздерге мысалдар келтіреді. Ол сөздерден сөйлем құрастырады. Заттың

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: