Зат есім

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

ерде алдыңғы жаттығуды алған білімдерін пайдаланады.

5-жаттығу. Өтілген материалдар бойынша білімдерін бекітуге арналған. Екі рет кездесіп тұрған ала сөздерінің мағынасын ашуға ерекше көңіл бөлу керек. Оның қай жерде сынды білдіріп тұрғанын анықтау үшін ол сөздерді өздері байланысып тұрған сөзімен бірге қарастырған дұрыс. Мысалы: ала қарбыз; ала бар. Қандай? Деген сұрақтар қою арқылы заттың сынын білдіріп тұрған қай сөз екенін өздері анықтайды.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Тақтаға бірнеше заттың сынын білдіретін сөздер жазылады. Осы сөздерді сәйкес келетін заттың атын білдіретін сөздермен тіркестіріп айтады.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.









Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: заттың санын білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта білімдерін еске түсіру, толықтыру
Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу
Тәрбиелік мақсаты: байқағыштыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтаға бірнеше сөз жазылады:
Жирен, шырайлы, компьютер, жасырынды, күлкілі, аспан, қоңырау, ағаш, көгілдір, пайдаланды, биіктеді, қысқа, т. б.
Үш оқушы сөздерді үш топқа бөліп жазады.
ІІІ. Қайталау сабағы.
Сыныптағы, партаның үстіндегі заттарды санату арқылы заттардың саны анықталады. Заттың санын білдіріп тұрған сөздерге сұрақтар қояды. Басқа

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: