Зат есім

Страницы: <<  <  101 | 102 | 103 | 104 | 105  >  >>

қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Қадірлі сөзін буынға бөл. Буындардың жуан не жіңішке айтылуы неге байланысты?
Аппақ пен сатпақ
Анау бала аппақ қой,
Мынау бала сатпақ қой!
Аппақ бала сабырлы,
Ұқыпты ғой қадірлі.
2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.
Қандай? Не?
. . . қасқыр
. . . қарға
. . . аю
. . . сауысқан
. . . торғай
3-жаттығу.
Мәтінді оқы. Сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге көшіріп жаз. Зеңгір деген сөзді қалай түсінесің?
Біздің ауыл табиғаты сұлу жерге орналасқан. Ауыл сыртында шағын көл бар. Ауылды зеңгір таулар мен жасыл баулар көмкеріп тұрады. жаз шыға ауылдың бар баласы көл жағасынан табылады. Балалардың көңілді даусы күні бойы тынбайды.
4-жаттығу.
Жылқының түстері қандай болатынын айт. Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.
Үлгі: жирен, . . .
"Ат - адамның қанаты" деген мақалды қалай түсінесің?
5-жаттығу.
Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есім тауып жаз.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз

Страницы: <<  <  101 | 102 | 103 | 104 | 105  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: