Зат есім

Страницы: <<  <  103 | 104 | 105 | 106 | 107  >  >>

нғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Сұрақ бойынша қоянды сипатта.
Қоян қайда жүреді?
Қоянның түсі қандай?
Қоянның құлағы қандай?
Қоянның терісі қандай?
Ол неден қорқады?
Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?
2-жаттығу.
Тіркескен екі созді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Көгілдір аспан, ашық күн, қызыл гүл, жібек көйлек, асыл тас.
Бұл тіркескен сөздердегі заттың атын және сынын білдіріп тұрған сөздерді ата.
3-жаттығу.
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз.
Арша ағаштың бір түріне жатады. Ол . . . жерде өседі. Бойы . . . болады. Оның өзіне тән . . . иісі бар. Аршаның . . . қасиеті бар.
Керекті сөздер: емдік, таулы, хош, аласа.
Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
4-жаттығу. Әр зат есімге бірнеше сын есім жаз.
. . . . . . . . .
. . . оқушы . . . бөлме . . . мал
. . . . . . . . .
5-жаттығу.
Жаңылтпашты көшіріп жаз.
Ақ терек пе,
Көк терек пе?
Көк терек пе,
Көп терек пе?
Көп теректер
Көк тіреп пе?
Көкті тіреп,
Көктемек пе?
К. Құмарұлы
Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Көк сөзі қай жерде зат есім, қай жерде сын есім болып тұр? Зат есім болып тұрған көк сөзін тағы қалай айтуға болады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.






























Сабақтың тақырыбы:

Страницы: <<  <  103 | 104 | 105 | 106 | 107  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: