тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.
Құшағы кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың
Анам қандай жақсы адам!
2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Көп нүктенің орнына қойған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер қай заттың сынын білдіріп тұр?
Керекті сөздер:аласа, бұралаң, қызыл, жазық, жап-жасыл.
Тауға апаратын . . . жолмен келе жатырмыз. . . . төбелерден асып, . . . жерге жеттік. . . . гүлдер жайқалып өсіп тұр. . . . дала келбеті әжелеріміздің жасаған текеметіне ұқсайды. Қарасаң, көз тойғысыз!
3-жаттығу.
Сын есімдерді оқы. Оларды мағынасына қарай үлгі бойынша топтап жаз.
Ащы, ала, үлкен, кіші, дәмді, күрең, қатты, жуан, қызғылт, мықты, сұр, тәтті, жіңішке, тұзды, жұмсақ.
Түсі: ала, . . .
Дәмі: тұзды, . . .
Көлемі: жуан, . . .
Сапасы: жұмсақ, . . .
4-жаттығу.
Сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөз тауып жаз. Сын есімдерге сұрақ қой. Сөздердің қасына заттың сынын білдіретін сөз тауып жаз.
Үлгі: қара (қандай?) бояу, . . .
Қара, жирен, сұр, лас, таяз, жазық, биік, аласа, қызық, жүйрік, өткір, жаңа, мөлдір.
Дала, құлын, тоңазытқыш, балапан, оқушы, дәптер, сурет.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Саб
Страницы: << < 99 | 100 | 101 | 102 | 103 > >>