табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Төртінші сөйлемнің мағынасын түсіндір. Соңғы сөйлемдегі көк сөзі зат есім бе, сын есім бе? Ол қандай сөздің орнына қолданылып тұр?
Қазақ жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаштың нәзік бүрлерін үзбейді. Жас шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өндірдің бәрі - тіршіліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң - көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдайды.
2-жаттығу.
Жұмбақтарды оқы, шешуін тап. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Сын есімдер қандай зат есімдерге қатысты айтылып тұр?
Мөлдір моншақ,
Өзі жұмсақ.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тамағы,
Жөлге шыдап бағады.
3-жаттығу.
Суреттегі заттардың атын өзіне қатысты сын есіммен бірге жаз. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
4-жаттығу.
Көп нүктенің орнына мағынасы бойынша сәйкес келетін бірнеше сын есім қойып жаз. Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетіп тұр?
Тиін (қандай?) жирен, кішкентай, жылдам. Қасқыр (қандай?) . . . . Түлкі (қандай?) . . . . Піл (қандай?) . . . .
5-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жаз. Қай? Сұрағына жауап беріп тұрған сын есімді тауып, астын сыз.
Сол Қол шай құйып отырды. Ол тым икемсіз еді.
oo Әкел, мен құяйын, - деді көршісі оң Қол.
Сол қол тыңдаған жоқ. Шай толы шәйнекті құлатып алды. . .
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұры
Страницы: << < 102 | 103 | 104 | 105 | 106 > >>