лдіруі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлер сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы еңбек тәрбиесіне негізделген. Ертеде халқымыздың тұтынған бұйымдарының бәрі дерлік кестеленген, әшекейлеп безендірілген. Мысалы: үй бұйымдары, төсеніштер, ұлттық киімдер.
Көркемдік талғаммен талапқа сәйкес жасалған қолөнер туындылары рудың, отбасының, жеке бастың тұрмыстық және ең қажетті заттарының бірі болды. Жүн, тері, сүйек, мүйіз, яғни мал шаруашылық өнімдері қолөнер бұйымдарын жасайтын материалдық қызметін атқарады.
Міне, осының бәрін жастайынан көріп, көңіліне тоқып өскен балалар бірте-бірте бұл өмірдің қыр-сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанша айтарлықтай тәжірибе жинақтайды.
Қолөнердің кең тараған түрлері: киіз басу, сырмақ сырып, киіз үйдің ішкі, сыртқы керек жабдықтарын әзірлеу, кілем, алаша, ши, киімдер тоқу, баскиім, қолғап, құрақ құрауға баулып отырған.
Осы айтылғандардың бәрі дерлік ою-өрнектермен безендіріліп жасалатын болғандықтан жасаушыдан ерекше талғампаздықты, нәзік икемділікті жоғары эстетикалық талғамды талап етеді.
«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» деген дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төл тума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек күнделіктегі тұрмыс қажетін өтейтін қолөнерінің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық киіз басу, киіз үйге қажетті бау-басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс-аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату, қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны аны
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>