пен айналысу бүгінгі заманның басты талабы.
Шығармашылықпен айналысқысы келетін бала көп оқып, өз туған елінің тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын терең зерттеп білуге қолөнерін үйренуге тиіс.
Қолданбалы өнер-түрлі ұлттың халықтарына, қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Сондықтан халық өнерін игеру бізді еңбексүйгіштікке, әсемдікті сезінуге талаптандырып, халқымыздың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.
Зерттеу мақсатым: -халқымыздың қолданбалы өнерін оқып, технологиялық білімді теориялық-саралануы тұрғыдан тұжырымдау;
- қолданбалы өнердің, соның ішінде тықыр кілем тоқып үйреніп, әрі қарай түрлендіру, дамыту.
Зерттеу нысаны- халқымыздың қолданбалы қолөнері, соның ішінде тықыр кілем тоқу өнері
Зерттеу әдістері: -мен зерттеу мәселесіне байланысты қазақтың қолданбалы өнері жайлы әдебиеттермен таныстым, кілем тоқу өнерінің технологиясын үйрендім, ауыл шеберлерімен, ұстаздармен пікірлестім.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
-халқымыздың қолданбалы өнері туралы материалдар жинақталды;
-тықыр кілем тоқудың технологиялық тәсілі меңгерілді;
- қолөнер бұйымдарын жасау және оны қолдана алдым;
- ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыра отырып, өнердің өшпес қазына екендігіне көз жеткіздім;
-осы өнер арқылы елін, халқын сүюге, өнерді құрметтеуге мүмкіндік зор.
1. 1. Халық қолөнері-асыл қазына
Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолөнерін дамыта отырып, қолөнерге тән ерекшеліктерді айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыстырды. Қолөнердің әлеуметтік- тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығы, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын бі
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>