Тықыр кілем

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, насихаттап, үйретіп келген.
Елбасының халыққа арнаған жолдауында «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз» деген. Бұл бүгінгі жас өркенге ертеңгі қоғам мүшесі ретінде, бала қиялымызды самғатып, арманымызды көкке ұмтылдырудың маңызды екендігін көрсетеді. Өнер, білім, халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы. Халқымыздың дәстүрін үйрену, адамгершілік асыл қасиеттерін бойымызға сіңіру басты міндетіміз.
Н. Ә. Назарбаев «Ауыл дегеніміз- сайып келгенде халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, әдет-ғұрпымыздың қайнар көзі» деген. Осы ұлағатты ой бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өз елімізді, туған жерімізді сүю, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасау, көрші-қолаңға көмек жасау міндетіміз. Өйткені біз жасымыздан халқымыздың салт-дәстүрін үйреніп, ата мен әже өсиет өнегесін көріп, жадымызда сақтап өсіп келеміз. Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Қазақ даласы сан ғасырлы тарихы бар батыр бабаларымыздың жұрты. Бостандық аңсаған қазақ даласы ұзақ уақыт бойы қиын кезеңдерді басынан өткізді. Тәуелсіз ел болуды армандады. Ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. Ақ найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша күрескен бабаларымыздың арманы орындалып, 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігіміз жарияланды.
Халқымыз үшін ең қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 25 жыл толғалы отыр.
Дамып келе жатқан еліміздің болашақ иелері біздер болғандықтан, жан-жақты білім алу маңызды іс. Жалпы білім алып қана қоймай, ізденіп, шығармашылық жұмыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: