СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

р" стратегиясы қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Мәтінді бөліктерге бөліп, мұғалім араластырады. Бөліктерден бүтін мәтін құрастыру керек. Жұпта қарастырады, топта ақылдасады. Мәтінді дұрыс құрастырғандығы туралы шешімге келісімен мұғалім өзі дайындаған мәтінмен салыстырып сұрайды. " Еркін жазу" стратегиясыда қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша бес минуттың ішінде оқушылар тоқтамай, үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды. Мағынаны ажырату кезеңіде қолданылатын стратегиялар - "Оқытудың нұсқауы". Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын-ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір-біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байланысты болады.
Ой толғаныс кезеңінде "Бес минуттық эссе" қолданылады, өтілген жаңа тақырыпты бекіту үшін ыңғайлы және бұл эссе мұғалімге сыныптың ой-өрісінің даму деңгейін көрсетеді. " Бес минуттық эсседе" екі тапсырма орындалады. Олар жаңа тақырып бойынша не өтілгенін және сол тақырыпты зерттегенде пайда болған бір сұрақ жазады. Мұғалім келесі сабақты сол сұрақтарға жауап беруден бастайды. Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірлерді тыңдауға, құрметтеуге бар ынтасымен оқуға беріледі. "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасымен жұмыс істегенде баланың танымдық белсенділігі артады. Өз бетінше білім алады, шығармашылығы артады. Әрине, бағдарламаның нәтижесі: ой-пікірін ашық, еркін айтады, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айтады немесе жақсы қасиеттерін үйренеді

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: