СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 66
  • Скачиваний: 12

Оқыту процесін технологияландыру

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абай сөзді барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдер адамдар заманның, қоғмның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.

Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса, да мұғалімнің шеберлігі қанда жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасу белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып,оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Жаңа әдістері пайдалануд өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайда бейімдей пайдалануымыз керек. Өзіміз қолданып жүрген « Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталсам, бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі. Оқушы сондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдылаады. Жаңа материал талдауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты -  барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға үйрету.

Біздің елімізге «Сорос – Қазақстан қоры ұсынған «Сын тұрысынан ойлау» атты оқытудың американдық үлгілері білім жүйелеріне енгізілді. СТО бағдарламасының «Оқу мен жазуы сын тұрғысынан дамыту» әдістері, әсірсе, гуманитарлық пәндерді оқытуда өте тиімді екені байқалады. Бұл жаңа технологияның тиімділігі  оқу материалын баланың түсініп оқып, ұғынуына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді.Оқушыларда өз бетінше тұырым жасау, қорытындыға  келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, пікірталас жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: