жені (ҚР АК 283 бабы) таратуға болар еді.
Мазмұны. Рента төлеуші рента төлемдерін уақытылы мерзімде төлеуге міндетті. Шартта көрсетілгендей тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді.
Рента алушы рента төлеуші рента төлемдерін жасаудың шартта көзделген жағдайларын бұзса рентаны сатып алуды талап ете алады. Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алуды талап ете алады. Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алумен бірдей болып келеді (ҚР АК 528 бабы). Заңның бір кемістігі, онда ғұмырлық рента шартынын елеулі бұзу не болып келетіні анықталмаған. Жоғарыда қарастырылған және тұрақты рента алушысына оны сатып алуды талап ету құқығын беретін, рентаны төлемеу мерзімі, тұрақты рента шартына қарағанда едәуір қысқа болу керек екенін айта аламыз.
Егер ғұмырлық рента төлеу үшін мүлік тегін берілсе, ол мүлік қозғалатын қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента алушы рентаны төлеуші шартты бұзса мүлік қайтарылуын талап ете алады. Мүліктің құны рентаны сатып алу елеулі құнына есепке жатқызылады. ҚР АК 533 бабы 2 тармағының бұл нормасы ғұмырлық рентаны алушының жағдайын тұрақты рента алушының жағдайына қарағанда жақсартады. Осымен қатар рентаны төлеуші шартты елеулі бұзған жағдайда рента алушыда өз мүлкіне қатысты ерекше заттық құқықтар пайда болатынын айта аламыз.
Рента төлушісі үшін мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүлінуіне қатысты қатаңырақ талаптар бекітілген. Мүлік тегін немесе ақыға берілгеніне қарамастан, мүліктің кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің қаупі толығынан рента төлеуші мойнында болып келеді және ол тек борыш рента алушымен кешірілетініне ғана үміттенуі мүмкін.
Әрине, неше түрлі даулы жағдайларда бола алады. Мысалы, рента төлеушісі рента алушының кінәсі барлығын болжауы мүмк
Страницы: << < 16 | 17 | 18 | 19 | 20 > >>