Рента және өмір бойы асырауда ұстау - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 168
  • Скачиваний: 16

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардың субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз.
Жалпы, рента дегеніміз - бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Бұл ауыл шаруашылығымен де, үлкен фирма не кәсіпорын қызметімен шұғылданатын ұйымдарға пайда алып келетін кең мағыналы түсінік. Сондықтан әрдайым түсінікті бола бермейтін бұл түсініктің қарапайым қоғам арасында рента шарты түсінігінің де мәнін ашқан өте маңызды болып отыр. Жоғарыда аталған мәселелердің барлығын ескеріп, олардың шын мәнінде күрделілігін ескере отырып, мен «Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарты» тақырыбын таңдадым. Өйткені, қазіргі нарықтық жағдайда, бұл тақырып менің ойымша шынында да өзекті.
Мақсаты: рента және өмір бойы асырауда ұстаудың маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
1. Рента түсінігінің түсініктемесін беру.
2. Рента шартының мағынасын ашу.
3. Рента шартының түрлерін сипаттау.
4. Өмір бойы асырауда ұстау шартының элементтерін суреттеу.

 

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: