замат пайдасына рентаны (оны алу құқығын) орнататын шарт жарамсыз болып келеді. Осы себептен ғұмырлық рента міндеттемесі олардың орындалуы жеке несие беруші үшін арналған міндеттемелерге жатады (ҚР АК 376-бап, 2-тармақ).
Жоғарыда көрсетілген құқықтық мирасқорлықты қоспағанда әмбебап мирасқорлық болсын, талап етуді беру тәртібіндегі мирасқорлық болсын рента алушы тарабы үшін мүмкін.
Рента төлеушілері болып қандай да болсын тұлғалар келе алады. Олар үшін міндеттеменің жеке мінезі болмайды. Әмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тәртібінде рентаны төлеу бойынша міндет қандай да болсын жеке заңды тұлғаларға ауыса алады.
Ғұмырлық рента шартының пәні болып әрбір қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатады (азаматтық айналымнан алып тасталған мүлікті қоспағанда). Екінші қурама бұл ренталық төлемдер пәні қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бір елеулі айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды (заттай) нысанда төленуі мүмкін емес, ол тек ақшадай төленеді. Ғұмырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмір бой мерзімді төленіп тұратын ақшалай сома ретінде анықталады. Ғұмырлық рентаның мөлшері шарттың міндетті талап ҚР АК 531 бабы 2 тармағымен бекітілген.
Рентаның мақсатты пайдалануы тікелей заңмен қарастырылмаған. Бірақ, егер біз ҚР АК 532 бабымен қарастырылған ғұмырлық рентаны төлеудің мерзімдерін басшылыққы алатын болсақ, біз заңнама ғұмырлық рента жеке тұтынуға арналғанын қарастыратынын түсіне аламыз. Тұрақты рентадан айырмашылығы ғұмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрінде әрбір кезекті ай аяқталғасын төленіп тұрады. Шартпен ғұмырлық рентаны төлеудің өзге мерзімдері қарастырылуы мүмкін. Ғұмырлық рентаны жеке тұтынуы болжанылатын болғасын, оларға азаматты асырауға арналған сомаларды индекстеу туралы ере
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>