ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

рналастыру. Жеке балалардың алдарына ойын құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып орналастырады.
5. "Аяқ киімнің сыңарын тап"
Мақсаты: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр - түсіне, көлеміне, пішініне және ою - өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару, ұлттық ою - өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою - өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.
Ойын ережесі: Педагог балалармен ұлттық ою - өрнек түрлерін көрсетіп, атын таныстырады. Берілген аяқ киімдердің бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға көмектеседі. Тапсырма беріледі.
Барысы: Педагог алдындағы қораптағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп, балалардан сұрайды. Мысалы: етік, мәсі, кебіс, саптама. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек қоюды ұсынады. Қолына алған аяқ киім сыңарын іздейді. Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды
6. "Заттардың түсін ажыратайық"
Мақсаты: Заттың түсін ажырата білуге балаларды жаттықтыру; бір - біріне жақын түстерді ажырата білуге: қызыл - сарғыш, қызыл - ашық қызыл, ашық қызыл - сия көк түс, көк - көгілдір.
Ойын құралдары: Түстері өз - ара жақын екі зат бейнеленген суреттер: қызанақ пен сәбіз, роза гүлі мен түймедақ. Бір сурет бейнесі тұтас жапсырылған да, екінші жанындағы сурет бейнесінің пішіні ойылған. Ойылған беті қалташа етіп жасалған. Ол қалташаға төртбұрышты түсті қағаздар салынады.
Балалардың түстерді игеруімен қатар зат есім мен сын есімді
байланыстыра сөйлеу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: