ре білуге үйрету.
Көрнекілік: Доп
Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: "таң" десе, бала "кеш" деп жауап береді.
43"Апта күндері"
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.
Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка.
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, "дүйсенбі" бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.
44. "Сөзді керісінше ата"
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Барысы:үлкен-кіші, кең-тар т. с. с.
45. "Сиқырлы қалта"
Мақсаты:Балаларды заттарды қолымен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа: затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа: қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Страницы: << < 15 | 16 | 17