қызыл түсті ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк, жасыл т. с. с түстерді атайды.
3. "Тышқанды жасыру"
Мақсаты: Балалардың 6 түс туралы("қызыл", "сары", "жасыл", " көк", "қоңыр", "сарғыш" ) түсініктерін дамыту.
Көрнекі құралдар: 6 түсті қағаз (20х15) Ақ шаршы (18х8) ортасында орналастырылған. Ақ шаршыда тышқанның ұясы салынған. 6 шаршы - есіктер (10х10) Мысық жұмсақ ойыншық.
Үлестірмелі материал: жоғарыдағыдай өлшемі кішірек заттар: түрлі - түсті қағаздар (10х8) ақ шаршы(5х5), түрлі - түсті қағаз шаршылар (6х6(
Барысы: Тәрбиеші балаларға "Тышқанды жасыр" ойынын ойнаймыз дейді. Алдымен
ойын ережесімен танысайық. Менде тышқандардың іні бар. Тақтаға 3 інді қояды да, қасына 6 түсті шаршы қояды. Мінеки, балалар, көрдіңдер ме?
- Тышқандар терезелерінен қарап тұр. Осы тышқандарды тығу үшін шаршыларды қолданып терезелерді жабамыз, есік түсі үй түсімен сәйкес болу керек. Әйтпесе мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын сұрайды.
Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады. Таба алмаған соң кетіп қалады.
4. "Кемпірқосақ"
Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыруды жалғастыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: "Кемпірқосақ" суреті. Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға ареалған жеті түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын ережесі: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдары тақтаға ілінеді, түстерді толық атын атап о
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>