ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

пта күндері"
44 "Сөзді керісінше айт"
45 "Сиқырлы қалта"




1. "Ауадағы шарлар"
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, алты түспен( "қызыл", "сары", "жасыл", " көк", "қоңыр", "сарғыш" ) таныстыру көзделеді.
Көрнекі құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті дөңгелектер 12х3 алынады.
Барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады.
Тәрбиеші:
- Балалар бізде түрлі - түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп, ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан кейін 2 - 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса тәрбиеші көмекке келеді.
2. "Шыршаны безендір"
Мақсаты: Түстерді реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.
Құрал - жабдықтар: Көлемі 30х50 планшет, түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған шырша және шырша ойыншықтары.
Барысы: Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді.
Тәрбиеші: - Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті.
Қане, мына шыршаны сол ойыншықтармен безендірейік. Мен кез келген түсті айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: