ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

і, сөйлемде жұрнақ қосып айтуы
қарастырылады.
Мысалы: көгілдір гүл, қызанақ қызыл, ал сәбіз
сарғыш.
7. "Футболшылар"
Мақсаты: Балаларды негізгі және қосымша түстерді айыра білуге үйрету. Түстерді топтай білуге үйрету. Ашық және қою түстерді қолдануда сөздіктерді орнымен қолдана білу.
Ойын құралдары: Дене бөлігі ойылған, 5 футболшы бейнеленген, 2 ұзын қаты қағаздан жасалған конверт. Бірінші команда ақ, екінші команда қара төменгі киімде. 5 - ашық түс, 5 - қою түстегі тіктөртбұрышты түсті картондар.
Ойын барысы: Педагог тақтаға футболшылар бейнеленген 2 конвертті қояды. Ал жанына түрлі - түсті тіктөртбұрыштарды шашыраңқы етіп жаяды. Әңгімелеу: " Сендердің алдарыңда екі футбол тобы тұр. Сол жақтағы топ "Айналайын" тобы, ал оң жақтағы топ
" Болашақ" тобы. Оларды неге бұлай атағаны сол: "Айналайын" тобы үнемі ашық түсті киім киеді, ал "Болашақ" тобы қою түсті киім киеді.
Бүгін киімдері ретсіз шашылып жатқасын олар өз киімдерін таба алмай отыр. Қане, бәріміз бұл футболшыларға киімдерін таңдауға көмектесейік. Педагог алдын ала ойынды өзі ойнап көрсетеді. Тақтаға екі бала шақырылып қандай топты киіндірілетіні сұралады.
8. "Қандай түстер қолданылған?"
Мақсаты: Бір түстің 2 реңкін ажырата білуге, түс реңктерін бейнелеп айтудағы сөзді сөйлем ортасына қолдана білуге жаттықтыру: күрең қызыл, ашық сары, ашық сарғыш.
Көрнекіліктері: 5 түстен құралып жапсырылған әтеш бейнесі. ( ол қызыл, сарғыш,, көк, қоңыр, және сары түс). Әр бір түс екі реңктен бейнелеп көрсетілген. Суреттің төменгі жағында 10 шаршы сызылып, бөлінген. 10 түрлі түсті шаршылар.
Ойын барысы: Педагог бұл әтешті жапсырып жатқанда 5 түсті қолданғанын, ал 5 түстің қосымша реңктерінің де болаты

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: