ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

нын айту. Балалар сол түстің реңкімен бірге шаршылар арасынан тауып бірге ұяшыққа қоюы керек. ( Мысалы: әтештің айдары мен сақалы қызыл ал, етігі күрең қызыл - дейді. Бала осы екі аталған түстердегі шаршыларды алып бейненің астындағы шаршыға орналастырады.
9. "Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық"
Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,
Ойын барысы: Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшін
Қуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді
таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.
10. "Түрлі - түсті көйлектегі бишілер"
Мақсаты: Кемпірқосақ түстерінің орналасу реттілігі мен түстің атауын білуді бекіту. Қуыршақтардың көйлектері мен түстері жайлы әңгімелей білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары:
1. Бас киім және көйлектері ойылған 7 қуыршақ бейнесіндегі ұзын жолақша қатты қағаз.
2. 7 түсті тіктөртбұрышты қағаз (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір,, көк, сиякөк)
3. Кемпірқосақ суреті.
Барысы: Педагог балалардың көз алдына тақтаға қуыршақтар бейнеленген
жолақшаны қояды да былай деп әңгімелейді: 7 дос қыз алаңға шығып билемекші болады. Бір сәт аспанда кемпірқосақтың асылып тұрғанын көріп қалған қыздар, дәл сол кемпірқосақтың түсіндей болып көйлек кимекші болады. Бірақ кемпірқосақ түсінің қалай орналасқанын ұмытып қалыпты. Ал, сендер білесіңдер ме? Міне кемпірқосақтың түстеріне ұқсас 7 түсті тіктөртбұрышты пішіндер. Қане қыздарымызға көмек берейік.
Жолақшаға бір - бірлеп түсті тіктөртбұрышты рет ретімен орналастырады. Бұл түсті кемпірқосақты

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: