Материктермен аралдар

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

иясы (1905 -- 11) және азаматтық қозғалыс (1918 -- 21) кезінде А. Фарахани, М. Кермани, М. Т. Бехар, т. б. ақындар демокр. идеяның жыршысы болды. Бұл кезде С. Хедаяттың "Қаңғыбас төбет" (1943), "Азғындық" (1944) әңгімелер жинақтары мен "Хаджи аға" повесі (1945), Б. Алевидің "Елу үш" (1942), "Түрме жазбалары" (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидің "Періште жылағанда" (1963), Саркоштың "Көз жасының зары" (1965), А. М. Афганидің "Аху-ханумның күйеуі" (1962), т. б. роман-повестері жарияланды. Иран әдебиетінен "Парсы ертегілері" (1958), Омар Хайям рубаилары (1965), Сағдидың "Бустан" дастаны (1970), т. б. қазақ тіліне аударылды.
--
Өнері
Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б. з. б. 5 -- 4 ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т. б. ). Сасани әулеті дәуірінде (3 -- 7 ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс. , Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305 -- 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейт

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: