у-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.
15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті. 16 -- 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т. б. ) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 -- 19 ғасырларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғасырдың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған.
Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча (әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9 ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жойылды. 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына еур. муз мәдениеті әсер етті. 20 ғасырдың 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран университетінің профессоры Әли Наги Уәзири ұлттық музыканы оқып-үйренудің негізін салды, музыкалық теориясынан оқулық жазып, Тегеранда музыкалық мектебін ашты. Иранда Рудаки атынд. Опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф. оркестр жұмыс істейді.
Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған. Пант
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>