, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері:Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып қайтты. Сол кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А. Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М. Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-қа жуық келісімдерге қол қойылған, соның ішінде ең маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы құрылысқа Иран жағының қатысуы, Каспий тенізі мәртебесін шешу, т. б. мәселелер. 2002 ж. Алматы -- Тегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.
--
Әдебиеті
Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд, т. б. ) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрікмен, Әзірбайжан, түрік) халықтардың әдебиеті арқылы қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7 -- 16 ғасырлар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды.
Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғасыр), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды ("Қалила мен Димна", т. б. ). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе,Рудаки (860 -- 941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 -- 1020 ж. ш. ) "Шаһнама" эпопеясын жазды. Көрнекті ақын әрі ғалым Омар Хайям (1048 ж. ш. т. -- 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзірбайжан ақыны Низамидің (1141 -- 1209) "Бестік" ("Хамса") атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі -- 13 -- 14 ғасырлар. Бұл кезде Закани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты.
Иран революц
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>