ған революция нәтижесінде шаї үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р. Хомейни келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді.
1980 - 1990 ж. болған иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АҚШ долларынан астам) зардаптар әкелді (қ. Иран -- Ирак соғысы). Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.
--
Экономикасы
Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90-ға дейін шеттен әкелінеді.
Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т. б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36-ы өнеркәсіптен, 22-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда -- 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі -- жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен -- азық-түлік өнімдері (30), машина, құрал-жабдықтар
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>