Материктермен аралдар

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

омима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған. 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің құрамына енді. 17 -- 18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі -- тазийенің негізін қалады. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер -- масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911 -- 12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады.
1930 -- 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда "25-шахривар", "Касра", "Нәсір", "Жамейе Барбод", Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда "Сепахан", Хамаданда "Були" театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрды. 1973 ж. осы фестивальға Қазақ драма театрының труппасы қатысып, Ш. Айтматовтың "Ана -- Жер-ана" спектаклін көрсетті.
1930 ж. тұңғыш "Әб аби" атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 ж. дыбысты "Лор қызы" фильмі (реж. А. Х. Сепента) түсірілді. 20 ғасырдың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж. Тегеранда "Митра-фильм" киностудиясы құрылды. 1960 -- 1970 ж. музыкалық комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар. , 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына реж. И. Кушан, М. Мисагие, Мохтасем, М. Мохсени, С. Ясеми, Ш. Рафия елеулі үлес қосты. 1


<

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: