Күй құдіреті

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

ыстарын жүргізу қажет.

Үйге тапсырма беру: Аңыз, ертегілер мазмұнына арнап шағын нобай иллюстрациялар жаса, мүсінде.
Сабақ: 26
Сабақтың тақырыбы:
Адамның тұлғасының мүсіні.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі - мүсін өнері жайлы
оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген
қызығушылықтарын арттыру. Адам тұлғасының өн
бойымен яғни, адам тұлғасының анатомиясымен
оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,
ой- өрісін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман
мінездерден жиренуге әдеттендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Адамның тұлғалық формасын дұрыс мүсіндеу үшін оң бүйір, сол бүйір, алдынан, ту сыртынан қарап жасау арқылы нақтылай түсу қажет. Мүсін - ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Әр өнердің бізді қоршаған дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояу, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта ғана кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей етіп, толық мүсіндейді. Кенеп бетіндегі суретті біз үнемі бір қырынан, бір қалпында

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: