: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман
мінездерден жиренуге әдеттендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, ертегі кейіпкерлерінің иллюстрациялары, ертегі кейіпкерлерінің мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, ермексаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қандай ертегіге арнап мүсін жасау керек екендігін айтады. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген "Қобыланды батыр" жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан-жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды мүсіндеу үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұм
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>