Күй құдіреті

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

дастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қазақстан сәулет өнері қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстанда 6-18 ғасырлар аралығында ғажайып сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады. Атап айтқанда: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолы бойында ерекше сән-салтанатқа ие болады. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. 8 ғасырда Фараб деп аталған. Ол - ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің туған жері. Қазба жұмыстар нәтижесі Отырарда сәулетті сарай, мешіттер болғанын дәлелдейді. Отырар - қазақ халқының көне тарихының көзіндей ежелгі қаланың бірі. Тараз. Таразда 5-18 ғасырларда тұрғызылған сәулетті сарайлар, мешіттер сақталған. Қазіргі Алматыдағы "Арасан" моншасының шығыс бөлігі осы Тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған. Айша Бибі кесенесі - 12 ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны.
Тараз қаласы аймағында ертерек пайда болған ескерткіш - Бабажа хатун кесенесі (11ғ. ). Ескерткіштің құрылысы өте қарапайым, ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жасалған. Бұл ескерткіш - көшпенді халықтың талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс.
Түркістан қаласы қазақ хандығының орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі осында орналасқан. Ғимараттың ішкі-сыртқы беті жылтыр, түрлі түсті мозаикалар өрнектерімен әшекейленген. Қазақ сәулет өнерінің дүние жүзіне танымал, класси

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: