-ақшыл, "күміс" саз балшықтар жұмыс істеуге мейлінше қолайлы. Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы пластилин болып табылады. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырларда пайда болғандығын дәлелдейді. Пластилин технологиясын атап өтуді жөн көріп отырмыз. Мысалы, қатқыл пластилин жасау керек болса, балауызды балқытып, оған ерітілген шайыр, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады. Мүсін тек пластилин мен саз балшықтан ғана жасалып қоймайды. Сонымен қатар ол ағаш, темір, мәрмәр, қола, мыс, сүйек, гипс, тастан да жасалады. Саз балшық, пластилинмен жұмыс істеу кезінде қаңқа (каркас) пайдаланған орынды. Өйткені оны пайдаланбаса сомдалатын заттың формасы бұзылып, өзгеріп кетіп отырады. Мүсін жасауда адам тұлғасының сипатын, оның пропорциялары мен қимыл-қозғалысын бірден ұстап қалуға тырысу керек. Ол үшін жалпыдан бастап жеке бөлшектерге көшу керек. Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып-жағдайын саз балшықта сіріңке талшықтарымен белгілеп алу керек. Содан кейін әсерлі нәрсені бөле көрсету қажет. Жұмыс жасауда үлкен форманы жасай отырып, барлық жағынан қарау керек.
Үйге тапсырма беру: Ермексаздан адам тұлғасының мүсінін жаса.
Ертегі кейіпкерлерін мүсіндейік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер
иллюстрацияларымен таныстыру. Бейнелеу өнерінің
түрлерінің бірі - мүсін өнері жайлы оқушыларды
таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген
қызығушылықтарын арттыру.
ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,
ой- өрісін дамыту.
б) Тәрбиелілік
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>