жақсы дамыған. Шағын формалы мүсіндер өте ерте замандардан басталған. Дүниежүзілік мұражайлардан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шағын статуялар мен барельефтерді кездестіруге болады. Шағын формалы мүсіндер деп пластикалық тілі бар, өзіндік заңдылықтары бар, дербес мүсіндерді айтамыз. Шағын мүсін ерекше қозғалымды. Ол өзінің орнын жиі ауыстыра алады, кез келген жерге қоюға өте қолайлы әрі сән бере алады. Шағын мүсін кішкентай ескерткіш сияқты асқақ болып қабылданады, оған бөлмеге қойылатын зат деп жай қарауға болмайды. Мүсін өте шағын болғанымен мазмұны терең, үйлесімдік ерекшелігі мол шығарма болып табылады. Шағын мүсіндер көбінде фарфор, сүйек, ағаш, темір, мыс, т. б. заттардан жасалады. Композициялық мүсіндер үйреншікті өмірдің көп саласын, оның күнделікті образдарымен, яғни қиял-ғажайып, юморлық көріністерімен бейнелей алады. Шағын мүсін талапкер жас мүсіншілер үшін өте қызықты. Қазақстан Республикасының мүсіншілері мүсін өнерінің түрлерін терең меңгеріп, үлкен шығармашылық табысқа жетті. Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісі X. Наурызбаев бастаған мүсіншілер тобы дүние жүзіне танылды. Атап айтқанда олар: Е. Сергебаев, Т. Досмағамбетов, Е. Мергенов, Н. Журавлев, Б. Төлеков, Б. Әбішев, т. б. мүсіншілер еді. Мүсіншілер көлемді көркем шығарма сомдауда әр түрлі жобаларын саз балшық арқылы жасап іздейді. Саз балшық - мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың жобасын жасауға мүмкіндік беретін ең алғашқы материал. Саусақтарымен жұмыс істегенде пластикалық материалды түйсіне, сезіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан мүсін формаларын бейнелік жағынан көріп тұрғандай қабылдайды. Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті-оның ырыққа көнгіштігі. Мүсін жасайтын саз балшықтың сапасын жақсарту үшін оған үпілмәлік майын, крахмал желімін қосу әдісі қолданылады. Сұр-жасыл, сұрғылт
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>