География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  101 | 102 | 103 | 104 | 105  >  >>

мін және басым болатынын ауа райын түсіндіру үшін оқушылар бірлесе отырып, жазғы және қысқы кезеңдерде ауа массаларының, басым желдер мен жауын-шашынның таралуы туралы сызбаны талдайды.
Оқушылар қыс кезіндегі басым ауа райына талдау жасайды. Оқулықтағы Аустралияның климаттық картасын пайдалана отырьш, климаттық белдеулерге төмендегі жоспар бойынша сипаттама береді: географиялық орны, басым ауа массалары, қыс және жаз кезіндегі температура, температураның жылдық амплитудасы, жауын-шашынның жылдық мөлшері және олардың режимі, климат айырмашылықтары.
Сабақ жоспарының төртінші пункті бойынша оқушылар физикалық және климаттық карталармен жұмыс істейді.
Соңынан мұғалім оқушыларға "крик" деген ұғымды түсіндіреді. Осындай жоспар бойынша оқушылар көлдердің ерекшеліктерін оқып үйренеді, жер асты суларының адамның шаруашылық әрекетіндегі рөлін айқындайды.

ІІІТақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.
Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.
1. Кескін картаға Аустралияның шеткі нүктелері мен оны шайып жатқан мұхит бөліктерін түсіріңдер.
2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, төмендегі кестені толтыру.
Климаттық белдеу
Субэкв.
Троп.
Субтроп.
географиялық орны
басым ауа массалары
қыс және жаз кезіндегі температура
температураның жылдық амплитудасы
жауын-шашынның жылдық мөлшері
климат айырмашылықтары
Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Аустралияның жер бедері мен климатына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары оларға сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді, бір-бірін толықтырып, білімдерін кеңейтеді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карт

Страницы: <<  <  101 | 102 | 103 | 104 | 105  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: