География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  102 | 103 | 104 | 105 | 106  >  >>

аларын пайдаланып, оқушылар Аустралияның шеткі нүктелері мен оны шайып жатқан мұхит бөліктерін кескін картаға түсіреді. Сосын келесі кестені толтырады.
Климаттық белдеу
Субэкв.
Троп.
Субтроп.
географиялық орны
басым ауа массалары
қыс және жаз кезіндегі температура
температураның жылдық амплитудасы
жауын-шашынның жылдық мөлшері

ІVҮй жұмысы:
1. 53, 54 оқып, мазмұнын айту.
2. Кескін картаға Аустралияның жер бедерін, ішкі сулары мен климаттық белдеулерді түсіру. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
VІЖалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Органикалық дүниесінің өзіндік белгілері. Аустралияның халқы.
Білімділік мақсаты – Материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналасу заңдылықтарын көрсету, материктің эндемик жануарларының қазіргі сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Халқының орналасуын, құрамы мен аустралиялық аборигендердің жағдайын баяндау.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Материктің эндемик жануарлар

Страницы: <<  <  102 | 103 | 104 | 105 | 106  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: