Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Жалпы географиялық білім беру, материктер мен мұхиттар географиясы түсінігін, оның зерттеу пәні мен зерттеу объектілері туралы, зерттеу салалары туралы білімді ашу.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы
Сабақ түрі: Кіріспе сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
V кезең – қорытынды (2 мин) Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.
ІІМұғалім балаларға сұрақтар қояды:
1. 6-сыныптағы физикалық географиясы курсында немен таныстыңдар?
Ал ендігі 7-сыныпта сендер елтану бағытындағы Жер табиғатының ерекшеліктерімен оның алуан түрлілігі, ондағы елдер мен халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>