ен айқын көрінеді, кристалды жыныстар дәл осы тұста жердің үстіңгі бетіне таяу немесе тура үстіне шығып жатады. Шығысқа жүрген сайын кристалды фундамент аласара береді де, біртіндеп ойпатқа айналады. Ал материктің қиыр шығысында Үлкен Суайрық жотасы созылып жатады.
Аустралияның жер бедерінің бір ерекшелігі мұнда биік және жас таулардың жоқтығы, сөнбеген жанартаулар мен осы заманғы мұзданудың болмайтыны.
Аустралияның климатын, жер бедері сияқты, Африканың климатымен салыстыра отырып, оқып үйрену ұсынылады.
Аустралия мен Оңтүстік Африканың екеуінің де бір ендіктерде орналасуы климат жағдайларының ұксас келуіне себепші болады.
Осыған байланысты мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қояды:
Оңтүстік тропикте күн қашан тас төбеде тұрады?
Оңтүстік жарты шардың атмосфералық қысым белдеуі жазғы маусымда қалай ауысады?
Аустралияда атмосфералық қысым жазда қалай таралады?
Осылай таралу себебін қалай түсіндіруге болады?
Аустралияның әр түрлі бөліктерінде жазда қандай желдер басым болады? Олар қандай ауа райына себепкер болады?
Мұғалім одан әрі ішкі сулардың таралу ерекшелігін анықтату үшін, оқушыларға мынадай тапсырмалар мен сұрақтар қояды:
Картадан Аустралияның өзендерін табыңдар.
Өзендері суын қалай толықтырады?
Олардың су режимі қандай?
Қай жерде өзендердің суы жыл бойы мол болады? Оқушылары Аустралия материгінің осындай ерекшеліктерінің себептерін анықтауға тура келеді.
Оқушылар карта бойынша шеткі нүктелерін тауып, географиялық координаттарын анықтайды.
Солтүстігінде - Йорк -10 о. е. 142 ш. б.
Оңтүстігінде - Оңтүстік-Шығыс 39 о. е. 147 ш. б.
Батыста - Стип-Пойнт 26 о. е. 113 ш. б.
Шығыста - Байрон 28 о. е. 153 ш. б.
Африка мен Аустралия жер бедерін салыстыру нәтижесінде оқушылар мына
Страницы: << < 99 | 100 | 101 | 102 | 103 > >>