География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  100 | 101 | 102 | 103 | 104  >  >>

ұқсастық белгілерді атап шығуы керек: екі материктің жер бедерінде де таулы үстірт көп таралған; олардың негізінде платформалар жатыр; себебі өте ежелгі кезеңде материктердің фундаменттері Гондвана құрамында біртұтас болған болатын; материктердің көп жерлерінде ежелгі кристалды жыныстар жер бетіне таяу немесе ашық шығып жатады.
Айырмашылық белгілері: Африкада шыңдарын мәңгі қар басып жатқан биік таулар бар; Аустралия тауларының биіктігі орташа келеді, күшті бұзылған; Африкада сөнбеген жанартаулар көп, ал Аустралияда жоқ; Африкада қатпарлы жас таулар бар, ал Аустралияда жоқ.
Бұл айырмашылықтар жер бедері даму тарихының әр түрлі болуына баланысты қалыптасқан.
Табиғат байлықтарын қарастырғанда оқушылардың назарын кенді пайдалы қазбалардың басым болатынына аударған жөн.
Картаға қарап оқушылар Аустралияның Оңтүстік Африка сияқты үш климат белдеуінде: солтүстігі субәкваторлық белдеуде, орта шені тропиктік белдеуде, ал оңтүстігі субтропиктік белдеуде жатқанын анықтайды. Осыған орай оның климаты ыстық келеді. Климатына географиялық ендіктің тигізетін әсерін анықтап алғаннан соң, басқа да климат қалыптастырушы факторларды: жер бедерінің рөлін, мұхиттарды жөне олардың ағыстарын, пассаттарды қысқаша қарастырады.
"Материктің батыстан шығысқа қарай тым созылып жатуы" факторы проблемалық жағдай жасау үшін пайдаланылады. Оқушылар атластағы климат картасын талдау арқылы Оңтүстік, Африка мен Аустралия біріңғай климаттық белдеулерде жатқанымен Аустралияда қысымның жоғары екенін анықтайды. Бұдан кейін оқушылар қысымның неғүрлым жоғары болуының себептерін айқындайды (материктің батыстан шығысқа қарай тым созылып жатуы) проблемалық жағдайды шешу үшін оқушылар екі картамен және олармен жұмыс істеудің тәсілдерімен та-нысады.
Материктің жауын-шашын режи

Страницы: <<  <  100 | 101 | 102 | 103 | 104  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: