корек заттары, жалпы мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, жылу) қажет. Осы жоғарыда көрсетілген себептерге байланынысты популяция даралары бір бірінен шиеленісіне күреске түседі.
Көптеген жануарлар тіршілігінде өз популяциясындағы даралар арасында қақтығысты болдырмауға жәрдемдесетін бірқатар бейімдіктер де болады. Мысалы аю, құндыз, қасқыр өздерінің азықтық үлескілерінің шекарасын белгілеп қояды, ал басқа жануарлар бөтен үлескінің шекарасын бұзбауға тырысады.
Түр аралық күрес әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Бір туысқа жататын түрлер ұқсас экологиялық жағдайда тіршілік етсе, онда түр аралық күрес шиеленіскен күйде жүреді.
Арам шөптер мен мәдени өсімдіктер арасындағы бәсекелесу. Егістіктерде мәдени өсімдіктердің өсуіне, арамшөптердің қаптап шығып, ылғал мен коректік заттарды мол пайдалануы – зиянды әсерін тигізді (яғни мәлени өсімдіктердің өсуі баяулайды).
Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес.
Эволюция барысында ағзаларда әртүрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Бейімделушіліктің алуан түрлі болуының эволюциялық дамудағы ролі қандай?
Бүркеніш реңнің қандай маңызы бар?
Тіршілік үшін күрес дегеніміз не және оның қандай түрлері белгілі?
Тіршілік үшін күрестің қай түрі аса шиеленіскен күйде жүреді?
6 лекция - Табиғи сұрыпталу. Бейімделушіліктің пайда болуы және түрлері
Дәрістің мақсаты: Табиғи сұрыпталу ұғымына анықтамамен, жаңа белгілердің пайда болуындағы сұрыпталудың ролімен, табиғи сұрыпталудың негізгі формаларымен, табиғи сұрыпталудың шығармашылық маңызымен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Табиғи сұрыпталу
2. Бейімделушіліктің пайда б
Страницы: << < 16 | 17 | 18 | 19 | 20 > >>