Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

олуы және түрлері
Табиғи сұрыпталу эволюцияның келесі факторы, ол табиғатта үздіксіз жүріп жататын әрекет. Табиғи сұрыпталу орасан ұзақ уақыт аралығында тұқым қуалайтын өзгергіштік берген шексіз көп материалдардың алуан түрлі өзгеріс, ауытқуларынан тіршілік ортасына сай түрлерін ғана қалдырып, қалғандарын жоя отырып, анағұрлым жетілдірілген жаңа бейімділіктер мен қасиеттерді жарыққа шығарады.
Бейімделушіліктің пайда болуы және түрлері
Бейімделушілік дегеніміз ағзалардың нақтылы орта жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы.
Бейімделушілік табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Бүркеніш рең. Бүркеніш рең – ағзалардың жауыннан қорғануына байланысты дамыған. Көптеген бунақденелілердің өкілдерінің қанаттарының, денесінің түрлі-түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын.
Жасырушы рең.
Бейімделушіліктің бұл түрінде жануарлардың дене пішіні мен реңі айналадағы заттарға сәйкес келеді. мысалы тропикалық орманда тіршілік ететін жыландарды онда өскен лиана өсімдігінен ажырату мүмкін емес.
Сақтандырушы рең.
Бүл рең - көбінесе улы және шағатын жәндіктерге, бауырымен жорғалаушыларға тән белгі. Сона мен аралар әр түрлі жолақты реңіне байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың қанында улы немесе жағымсыз иісті зат болатындықтан, жаулары жемейді.
Қорғаныш рең (мимикрия).
Өздігінен қорғана алмайтын жәндіктердің пішіні, реңі, мінезқылығы тұрғысынан улы, шағатын қауіпті жәндіктерге немесе қоршаған заттарға ұқсастығы.
Бейімделушілік салыстырмалы сипатта болады, табиғатта тіршілік жағдайларына абсолютті бейімделген формалар жоқ. Кез келген бейімделу ағзаның тірі қалуына тек арнайы орта жағдайларына ғана жірдемдесе алады. Егер тіршілік жағдайлары өзгерсе, бейімділік

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: