асиеттері бар тұқым және іріктеме шығаруды мақсат етеді де, көздеген нәтижеге жетеді, сұрыптауға тиімді әдістерді қолдана отырып.
Қытайда бамбуктың 63 іріктемесі егіледі, жер жүзінде жүзімнің 1 000 – ға жуық іріктемесі, 400 - ге жуық қара мал тұқымы, 250 - ге жуық қойдың, 350 ден артық иттің, 150 - дей кептердің тұқымдары бар.
Дарвиннің бұл қолдан сұрыптау жөніндегі ілімі – сұрыптауға теориялық негіз болды, сөйтіп табиғаттағы сұрыпталу әрекетінің нәтижесінде түр түзілу себептерін түсінуге мүмкіндік берді.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Қолдан сұрыптаудың қандай түрлері белгілі?
Санасыз сұрыптаудың әдістемелік сұрыптаудан айырмашылығы неде?
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Бейімделушіліктің алуан түрлі болуының эволюциялық дамудағы ролі қандай?
Түр дегеніміз не?
Түрдің қандай критерийлері бар?
Түр түзілудің жолдары мен әдістері қандай?
Әдебиеттер: 2,4,8,10,11
5 лекция - Тіршілік үшін күрес
Дәрістің мақсаты: Тіршілік үшін күрестің түрлерімен, популяция даралар санының ауытқуымен, тіршілік үшін күрес даралар сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-қатынасы мағынасында түсінумен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Түр ішілік күрес
2. Түр аралық күрес
Дарвин тіршілік үшін күресті даралардың сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым – қатынасы деп түсіндірді. Ол тіршілік үшін күрестің үш түрін атап көрсеткен: түр ішілік, түр аралық, табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес (құрғақшылық, қатты аяздармен, жер бетін су алып кеткен жағдайларда).
Түр ішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Түр ареалына біркелкі таралмай популяция түрінде ойдым ойдым таралады. Бір популяциядағы дараларға біркелкі
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>