Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>

белгілері пайдасыз болып қалады.
Бейімділіктің салыстырмалы сипатта болуына жануарлардағы көптеген рудименттер мен атавизм белгілері дәлел бола алады. Кейбір құстардың қанаттары рудимент түрінде сақталып, ұшу қызметін атқармайды (жаңа Зеландияны мекендейтін киви құсы мысал бола алады). Құрлыққа беймделген тау қазының саусақтарының арасында жүзу жарғағының болуы, адамдар мен маймылдарда үшінші қабақтың сақталуы.
Сөйтіп эволюция үрдісінің нәтижесінде ағзалар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделеді, және ол салыстырмалы түрде болады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Табиғи сұрыпталудың эволюциялық дамудағы ролі қандай?
Табиғи сұрыпталудың қандай түрлері белгілі?
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Бейімделушіліктің алуан түрлі болуының эволюциялық дамудағы ролі қандай?
Бүркеніш реңнің қандай маңызы бар?
7 лекция-Түр және оның критерийлері
Дәрістің мақсаты: Түр ұғымының анықтамасымен, түр концепциясының даму тарихымен, түр критерийлерімен, түр эволюция процессінің сапалы кезеңі екендігімен таныстыру.
Сұрақтар:
Түр концепциясының даму тарихы. Түрдің негізгі концепциялары (типологиялық, номиналдық, биологиялық).
Түр анықтамасы. Түр біртұтастығының генетикалық негіздері.
Түрдің жүйе екендігі. Палеонтологиядағы түр (фратрия) түсінігі. Жыныссыс және партеногенез жолымен көбейетін формалардағы түр.
Түр түзілу популяциялардың генетикалық ашық жүйелерінің генетикалық жабық жүйеге айналуы екендігі. Түр түзілу үшін оқшауланудың маңызы.
Аллопатриялық және симпартиялық түр түзілу жолдары. Моно- және политиптік түр
Табиғатта түрлер саны орасан көп. Жануарлардың 1,5 миллион, өсімдіктердің 500 мыңнан аса түрі бар деп есептеледі.
Түр деп тұқым қуалауды м

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: