Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

көбірек әсер етсе, үшіншісіне аналықтың да, аталықтың да гендері бірдей әсер ететін болады. Сондықтанда әрбір түрдің ұрпақтары ата – енесінің көшірмесі бола алмайды. Пайда болған жаңа өзгерістер тұқым қуалау арқылы келесі ұрпақтарға беріліп отырады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Популяция дегеніміз не және популяция құрылымына қандай ерекшеліктер тән?
Микроэволюция дегеніміз не?
Мутацияның эволюциялық ролі неде?
4 лекция - Қолдан сұрыптау
Дәрістің мақсаты: Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаулардың ұқсастықтары және айырмашылықтарымен, қолдан сұрыптау түрлерімен, өсімдіктер іріктемелері мен жануарлар тұқымдарының шығуымен таныстыру.
Сұрақтар:
Сұрыптау негізгі, бағыттаушы эволюциялық фактор екендігі.
Табиғи және қолдан сұрыптаудың ара қатынасы. Бейімделу – табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі.
Дарвин адам үй жануарлары мен мәдени өсімдііктердің соншама алуан түрлілігін, ата-тегі жабайы түрлердің біреуін немесе бірнешеуін әр бағытта, өз қалауынша өзгерте отырып, жасады деп түсіндіреді.
Қолдан сұрыптаудың екі формасы бар: санасыз сұрыптау және әдістемелік сұрыптау.
Санасыз сұрыптау кезінде адам алдына тұқым немесе іріктеме шығарамын деген мақсат қоймай, ешқандай жоспарсыз тек жануардың етті немесе сүтті, өсімдіктердің жақсы өсіп, мол түсім беретін дараларын сақтап қалады. Сұрыптаудың бұл түрі өте ерте уақыттан мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келеді. Ертедегі жабайы адамдарда аштық кезінде тұқымға ең пайдалы жақсы белгілері бар жануарлар мен өсімдіктерді қалдырып, құны төмендерін бірден пайдаланып отырған. Міне, осылай күні бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің бағалы жоғары өнімдері сақталып келді.
Әдістемелік сұрыптау кезінде сұрыптаушы адам немесе селекционер алдына белгілі, бір пайдалы белгілері мен қ

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: