ген жөн. Егер құстың жетілмеген қауырсындары болса,онда оларды іскекпен немесе кішкентай пышақпен алып тастайды.
Басын,мойнын,аяқтарын алып тастау. Толық тазарту алдында құс денесін басты екінші және үшінші мойнын омыртқалары арасынан шауып түсіреді. Сосын арқа жағынан мойынның ұзына бойына терісін тіледі де мойнын теріден босатып,мойын омыртқаның соңғысы арқылы оны шауып түсіреді,бірақ тері денесінде қаулы керек. Тауық пен оның балапанының терісін мойынның орта жерінен,күрке тауық,үйрек және қаздың терісін мойынның 1/3 бөлігінен кеседі.
Тазарту. Ішкі мүшелерінен тазарту үшін төс сүйегінің артынан артқы тесігіне дейін құрсақ қауысының ұзына бойына тіледі. Пайда болған тілік тесігі арқылы қарнын,бауырын,іші майын,өкпесін,бүйрегін,ал жемсауы мен өңешін тамақ тесігі арқылы алып тастайды. Ішек-қарыннан іш майын,өкпесін,бүйрегін тазартып бөліп алады. Осылайша тазартылған құс денесінен артқы тесігін,өтке ластанған жерлерін кесіп алады.
Жуу. Толықтай тазартылатын құсты одан әрі мұздай су ағында (15 С температурада)жуады. Жуу кезінде ластанған жерлерін,қан қалдықтарын,ішкі мүшелерінің қалдықтарын алып тастайды. Қоректік заттар шығынын көбейтпес үшін ұзақ уақыт жууды ұсынбайды. Жуылған құстың тілігін төмен қаратып,суы ағып кетуге мүмкіншілік бере отырып,суырма табаға салып кептіреді.
Жабайы қанаттыларды өңдеу. Қауырсындарын жұлу , үйіту, қанаттарын,аяғын,мойнын,ішкі мүшелерін толықтай тазарту және жуу әрекеттерінен тұрады. Жабайы қанаттыларды үй құстарын жібіткендей түрде жібітеді.
Қауырсындарын жұлу мойыннан басталады. Қауырсындарды топтап ұстап ,табиғи өсу бағытында қарсы бағытта тез тартып қалады. Қауырсынды жұлу кезінде теріні жыртып алмас үшін жұлатын қауырсындардың түбінен сол қолдың саусақтарымен басып ұстайды. Тері оларды қуыру кезінде құрғап кет
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>