та қолдануға болатынына көзім жетті.
Тізбектелген сабақтар топтамасында "Қатені тап " оқыта үйрету ойынын қолдандым. Мақсатым: өзін-өзі реттеуін толық қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауын ойын арқылы жүзеге асыру.
1) суретте 1-2 қате жіберіледі (жан-жануарлардың,заттардың суреттері салынып олардың аяқ,дене мүшелерінің санын артық немесе кем салу);
2) мәтін құрастырылып,онда бірнеше сөзді тастап немесе алмастыру керек.
Бұл жұмыс 15 минутқа созылып,ал топтың барлық қайталауына 5 минут берілді. Қайталаудан кейін топтар тапсырмаларымен алмасып,бір-біріндегі қателерді тауып,түзетіп арнайы парақшаларға жазды.
Үшінші сабақта Жигсо-ұжымдық оқыту әдісін пайдалану барысында, оқушылар жалпы мәселені алдымен жұп болып, сосын топта талқылады. Әр оқушы өзін лидер ретінде сезінді, оқуға деген жауапкершілігі артты. Ал, ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйрене бастады. Жигсо-стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді екенін аңғардым. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасатынын түсіндім.
--
Мектептегі тәжірибе кезінде Жигсо стратегиясымен жұмыс істегенде біршама қиындықтарға кезіктім. Оның себебі оқушылардың бұрын бұл әдіспен жұмыс істемегендігінде.
--
Мені түйгенім сын тұрғысынан ойлауды дамытуда әсіресе сұрақтардың маңызы ерекше. Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өзіне деген сенімін және өз пікірлері мен идеяларын, құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсене қатысуға, басқалардың пікірін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға көп уақыт жіберіп алсам, бағдарламаны оқып-үйрену барысында оқушы толғаны
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>