шін әр сабағымды жоспарлау үшін бұл кезеңнің келтірген пайдасы зор болды. Әр оқушы өз деңгейін, шығармашылығын көрсете алды. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі болғандықтан, олар үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренді. Сыни тұрғысынан ойлаудың ең керемет тұстары оқушылардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда қозғалыс,ізденіс, ұмтылыс қабілеттері пайда болды. Кейбір сабақтарымда кедергілергілер кездессе де да оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым, айта кетсем, топқа бөліну кезінде шатасып кету, жұппен, топпен жұмыс түрлерін ажырата алмау, салған суреттерін толыққанды жеткізе алмауы, өздерін еркін сезіне алмай қысылуы, ойларының шашыраңқы болуы. Ал соңғы сабақтағы оқушылардың ой еркіндігі, ізденісі, тапсырмаларды өз бетімен орындауы,ойын емін-еркін жеткізе алуы,уақытты тиімді пайдалануы, оқу, танымдық әрекеттерінің артуы мені қуантты. Аз уақыттың ішіндегі жеткен жетістіктерім, менің бойыма сенімділік пен құлшыныс ұялатты
Қорыта келе, "Сын тұрғысынан ойлау" модулін сабақта қолдану оқушылардың басқалармен қарым-қатынас жасай білуін, өз пікірін ашық айтуын өз бетінше ізденуін, пікірін айқын дәлелдермен жеткізуге ,өзгенің іс әрекеттерін әділ бағалап, өзгелердің пікірін тыңдап кез-келген жауапқа түсіністікпен қарауын, ең маңыздысы сабаққа қызығушылығы оянып, белсенділігінің артуын қамтамасыз етеді.
Болашақта мен өз тәжірибемді үзбей оқу мен әріптестермен тәжірибе алмаса отырып, Бағдарламаның жеті модулін жан-жақты оқып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабағымды оқушылардың қызығушылығын оята алатындай етіп өткіземін. Әр түрлі білім-біліктілікті арттыру курстарына қатысамын. Қосымша ақпараттармен танысамын. Өзіме өзім сыни тұрғыдан қараймын. Оқушымен арада кері байланыс орн
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 > >>